Журнал туралы

Тағам ғылымдары

«Тағамтану ғылымдары» журналы - "Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде  тіркелген, 2025 жылғы 14 қарашадағы № KZ87VPY00133487 куәлігі бар «ҚазТБУ Хабаршысы» - ISSN (Print) 2708 - 4132, ISSN (Онлайн) 2663 - 1830 журналының заңды жалғасы болып табылады.

Журналдың мақсаты - ғалымдар, технологтар, инженерлер, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, өнеркәсіп өкілдерінің кең ауқымы үшін жаңа ғылыми идеяларды, іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну, тамақ өнеркәсібі мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Журналда қамтылатын ауқымды мәселелер - шикізаттың химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын зерттеу, инновациялық өнімдерді әзірлеу, сақтау және өңдеу технологияларына, стандарттау, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету - авторлар үшін маңызды артықшылық болып табылады.

Журналдың құрылтайшысы және басып шығарушысы «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ болып табылады.

Заңды мекенжайы: Астана, Қайым Мұхамедханов көшесі, 37 А ғимараты

Журналдың тақырыптық бағыты - «Тағамтану ғылымы» мен технологиясы саласындағы зерттеулер:

тамақ өнімдері шикізатын өңдеу технологиясы;

тағам өндірісінің биотехнологиясы мен микробиологиясы;

азық-түлік қауіпсіздігі мен сапасы;

функционалдық және мамандандырылған тағамдар;

тамақтану және диетология;

стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау;

тамақ өнеркәсібіндегі инновациялық және ресурс үнемдейтін технологиялар;

тамақ өнеркәсібінің қайталама шикізаты мен жанама өнімдерін өңдеу және ұтымды пайдалану.

Журнал жылына төрт рет шығады.

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.