Меню
Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 75
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл жұмыста қазақстандық шикізаттан бөлініп алынған сүтқышқылды бактериялар мен ашытқылардың екі консорциумы негізіндегі ұйытқылардың бидай және бидай-қара бидай қамырының реологиялық қасиеттеріне әсері зерттелді. Қамырдың кешенді термомеханикалық сипаттамалары Mixolab аспабында (Chopin+ хаттамасы) анықталды. 1-консорциум құрамына Lacticaseibacillus paracasei LB-27, L. paracasei LB-319 және Saccharomyces cerevisiae LVg; 2-консорциум құрамына L. rhamnosus RH-5, L. paracasei LB-319 және S. Cerevisiae A-28g кірді.
Ұйытқыны ұн салмағының 10 % мөлшерінде енгізу қамырдың клейковина компонентіне негізінен әлсірететін әсер ететіні анықталды: бидай қамырында C2 айналдыру моменті тек A-28g консорциумын енгізгенде статистикалық тұрғыдан мәнді төмендеді (0,599-ден 0,555 Н•м-ге дейін; p < 0,05), ал ақуыздың әлсіреу жылдамдығы α екі тәжірибелік нұсқада да абсолюттік мәні бойынша артты (p < 0,001).
Ұйытқыны енгізу бидай ұнның су сіңіру қабілетін арттырды (57,0-ден 59,2 %-ға дейін), қамырдың даму уақытын қысқартты және амилолиздік белсенділіктің күшею белгілерімен қатар жүрді.