Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 69

ПСИЛЛИУМ ЖӘНЕ ТОПИНАМБУР ШӘРБАТЫ ҚОСЫЛҒАН ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ҚЫШҚЫЛ СҮТ СУСЫНЫНЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А.Ж. Хастаева

    «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
    https://orcid.org/0000-0002-2679-0210
  • А.А. Бектурганова

    Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
    https://orcid.org/0000-0002-0906-2027
  • А.М. Омаралиева

    «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
    https://orcid.org/0000-0003-4432-8828
  • А.Ж. Оразов

    «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
    https://orcid.org/0000-0003-2191-1295
  • М.Т. Агедилова

    АО «Казахский университет технологии и бизнеса им.К.Кулажанова
    https://orcid.org/0000-0001-6413-2086
  • Ж.Т. Ботбаева

    «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
    https://orcid.org/0000-0001-7716-9240
  • Е. Кузаирова

    АО «Казахский университет технологии и бизнеса им.К.Кулажанова
    https://orcid.org/0009-0006-7864-3243

Кілтті сөздер

қышқыл сүт сусыны, псиллиум, топинамбур шәрбаты, ашытқы, органолептикалық көрсеткіштер, қышқылдық, тағамдық талшықтар, функционалдық өнім

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ПСИЛЛИУМ ЖӘНЕ ТОПИНАМБУР ШӘРБАТЫ ҚОСЫЛҒАН ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ҚЫШҚЫЛ СҮТ СУСЫНЫНЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. (2026). Тағам ғылымдары, 1(32). https://doi.org/10.58805/fs.V.1(32)-25

Аңдатпа

Сиыр сүті негізіндегі құрамдастырылған қышқыл сүт сусындарын әзірлеу үшін табиғи компоненттерді негіздеу және іріктеу нәтижелері ұсынылған. Функционалдық маңызы бар өсімдік компоненті ретінде псиллиум өсімдік шикізаты, ал табиғи дәмдік компонент ретінде топинамбур шәрбаты зерттелді. Бастапқы сүт шикізатына органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау жүргізілді. Сүтті термиялық өңдеу режимдері мен ашытқы мөлшерінің ашыту процесіне әсері зерттелді. Кейінгі зерттеулер үшін ашытқыны 2 % мөлшерде енгізу кезінде 85-90 °С температурада ұстаусыз өңдеу режимі ең қолайлы екені анықталды. Сенсорлық бағалау нәтижелері бойынша псиллиумның оңтайлы мөлшері 4 % құрады. Әзірленген сусындар біртекті консистенциясымен, қышқыл сүтке тән дәмімен және бөгде иістердің болмауымен сипатталды. Псиллиум қосылған үлгілерде майдың массалық үлесі 3,2 %, ақуыз мөлшері 2,8 %, қышқылдығы 76 °Т құрады. Зерттелген үлгілерде ішек таяқшасы тобының бактериялары, патогенді микроорганизмдер және Staphylococcus aureus анықталған жоқ; ашытқылар мен зең саңырауқұлақтарының саны зерттеуде белгіленген шектен аспады. 4±2 °С температурада 7 тәулік сақтау барысында органолептикалық көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлауы анықталған жоқ. Алынған нәтижелер құрамдастырылған қышқыл сүт сусындарының табиғи компоненті ретінде псиллиумды пайдаланудың технологиялық орындылығын растайды.