Меню
Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 82
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Зерттеу барысында халықтың дұрыс тамақтануға және денсаулықты нығайтуға бағытталған функционалдық тағам өнімдеріне деген сұранысы артып келеді. Осыған байланысты жоғары биологиялық құндылыққа ие түйе және сиыр сүті негізінде өсімдік текті компоненттермен байытылған жаңа функционалдық өнімдерді әзірлеу мен олардың қауіпсіздігін бағалау өзекті ғылыми мәселелердің бірі болып табылады. Түйе сүті өзінің бірегей химиялық құрамы, жоғары тағамдық және емдік-профилактикалық қасиеттерімен ерекшеленсе, сиыр сүті сүт өнеркәсібіндегі негізгі шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Ал өсімдік компоненттері өнімнің тағамдық құндылығын арттырып, биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты-түйе және сиыр сүті негізінде өсімдік компоненттерімен байытылған функционалдық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштерін кешенді бағалау және олардың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкестігін анықтау. Зерттеу барысында өнім үлгілерінің қауіпсіздігі токсикологиялық, микробиологиялық және радиологиялық көрсеткіштер бойынша бағаланды. Атап айтқанда, ауыр металдардың (қорғасын, кадмий, сынап, мышьяк), микотоксиндердің, пестицидтердің және радионуклидтердің мөлшері анықталды. Сонымен қатар, мезофильді аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдердің саны, ішек таяқшалары тобы бактерияларының болуы, патогенді микроорганизмдер, оның ішінде Salmonella spp. мен Staphylococcus aureus көрсеткіштері зерттелді.
Зерттеу нәтижелері бойынша талданған үлгілердегі уытты элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің және радионуклидтердің мөлшері рұқсат етілген шекті деңгейден аспайтыны анықталды. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша барлық үлгілер санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келіп, патогенді микроорганизмдердің болмауы өнімдердің қауіпсіздігін растады. Өсімдік компоненттерін пайдалану өнімнің органолептикалық және функционалдық қасиеттерін жақсартумен қатар, оның қауіпсіздік көрсеткіштеріне теріс әсер етпейтіні дәлелденді.
Осылайша, түйе және сиыр сүті негізінде өсімдік компоненттерімен байытылған функционалдық өнімдер жоғары қауіпсіздік деңгейімен сипатталады және функционалдық тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейту үшін перспективалы бағыт болып табылады. Алынған нәтижелер жаңа технологияларды өндіріске енгізу және халықты сапалы әрі қауіпсіз функционалдық тағам өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ғылыми негіз бола алады.