Меню
Том 1 № 32 (2026) / 2026-10-04 / Көрілім саны: 57
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада композитті ұнды (50% жоғары сұрып және 50% екінші сұрып) пайдалану арқылы қатпарлы өнімдердің сапасын арттыру мәселелері қарастырылған. Мақалада композитті ұнның физика-химиялық көрсеткіштері, атап айтқанда ақуыз мөлшері (11,6%), күлділігі (0,90%) және желімше сапасының дайын өнімге әсері қарастырылған. Технологиялық процесс барысында ірімшікті таяқшалардың рецептурасы жасалып, олардың сапасы органолептикалық және физика-химиялық әдістермен бағаланды.
Зерттеу барысында ұнның физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ дайын өнімнің органолептикалық көрсеткіштері анықталды. Композитті ұнның ылғалдылығы, ақуыз мөлшері, күлділігі және желімше қасиеттері жоғары және екінші сұрыпты ұндармен салыстырылып бағаланды.
Сонымен қатар, органолептикалық бағалау нәтижелері өнімнің түсі, иісі және дәмі тұтынушылық талаптарға сай екенін көрсетті. Жалпы алғанда, композитті ұнды қолдану қатпарлы өнімдердің сапасын сақтай отырып, олардың тағамдық құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, композитті ұн қолдану өнімнің тағамдық құндылығын арттырып, дәмі мен түсін жақсартады, сонымен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Органолептикалық бағалау бойынша композитті үлгі ең жоғары 4,80 баллды иеленді.
Бұл технология нан-тоқаш және кондитерлік өндірісіндегі диеталық бағытты дамытудың ғылыми негізделген тиімді жолы болып табылады.