Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 112

СҮТ ОШАҒАНЫ ТҰҚЫМЫ ҰНТАҒЫ ҚОСЫЛҒАН НАН ӨНІМДЕРІНІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

  • Г.С. Умирзакова

    КеАҚ «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
    https://orcid.org/0000-0001-6988-9520
  • Ж.Р. Асангалиева

    КеАҚ «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»
    https://orcid.org/0000-0003-0991-1700
  • Г.Б Сегезбаева

    КеАҚ «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»
    https://orcid.org/0009-0000-6188-0978
  • Д.Б. Абдраимова

    АҚ «Алматы технологиялық университеті»
    https://orcid.org/0000-0002-2889-8129

Кілтті сөздер

фитобайтқыштар, нанның тағамдық құндылығы, нан өнімі, сүт ошаған, сүт ошаған ұнтағы, фитоқоспа.

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

СҮТ ОШАҒАНЫ ТҰҚЫМЫ ҰНТАҒЫ ҚОСЫЛҒАН НАН ӨНІМДЕРІНІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ӘЗІРЛЕУ. (2026). Тағам ғылымдары, 1(32). https://doi.org/10.58805/fs.V.1(32)-33

Аңдатпа

Мақалада фитобайытқыштармен байытылған нан өнімінің рецептурасы зерттелді. Ғылыми зерттеу жұмыстары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Тағам қауіпсіздігі» зертханалық базасында жүргізілді. Зерттеу барысында клейковинаның саны мен сапасы, сондай-ақ дайын нан өнімінің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері анықталды.

Зертханалық тәжірибелерде бірінші сұрыпты бидай ұны негізінде құрамына 4 және 6 % мөлшерінде сүт ошағаны тұқымының ұнтағы енгізілген нан үлгілері әзірленді.

Алынған нәтижелерге сәйкес, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан өнімдеріне сүт ошағаны тұқымы ұнтағын 4 %-ға дейін қосу өнімнің сапалық көрсеткіштерін сақтауға мүмкіндік беретіні айқындалды. Ал фитоқоспа мөлшерін одан жоғары деңгейде қолдану нанның технологиялық қасиеттерінің төмендеуіне әсер ететіні анықталды.

Ұсынылған рецепт бойынша пісірілген нан өнімдері жағымды дәм мен иіспен, жоғары сапа көрсеткіштерімен сипатталады, сонымен қатар қанықпаған май қышқылдарымен, диеталық талшықтармен, минералдармен және дәрумендермен байытылған, яғни, сүт ошаған тұқымының ұнтағын нанның тағамдық құндылығын жоғарлату үшін фитобайытқыш ретінде қолдануға оңтайлы.