Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 100

ТӨМЕН ҚҰНДЫ СУБӨНІМДЕРДЕН АЛЫНАТЫН АҚУЫЗ ГИДРОЛИЗАТТАРЫН ПІСІРІЛГЕН ШҰЖЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

Кілтті сөздер

төмен құнды субөнімдер, ақуыз гидролизаты, гидролиз, ферменттік гидролиз, пісірілген шұжық, функционалдық-технологиялық қасиеттер.

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ТӨМЕН ҚҰНДЫ СУБӨНІМДЕРДЕН АЛЫНАТЫН АҚУЫЗ ГИДРОЛИЗАТТАРЫН ПІСІРІЛГЕН ШҰЖЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. (2026). Тағам ғылымдары, 1(32). https://doi.org/10.58805/fs.V.1(32)-4

Аңдатпа

Ет өнімдері бағасының өсуі және төмен сұранысты жануар текті шикізаттың толық пайдаланылмауы төмен құнды субөнімдерді терең өңдеу арқылы ақуыздық ингредиенттер алудың өзектілігін арттырады. Зерттеудің мақсаты төмен құнды субөнімдерден алынатын ақуыз гидролизаттарын пісірілген шұжық технологиясында қолдануға қатысты ғылыми деректерді жүйелеу, олардың биохимиялық ерекшеліктерін және функционалдық-технологиялық әсерін талдау. Жұмыс әдеби шолу ретінде орындалып, 2010–2026 жылдар аралығында жарияланған ғылыми мақалалар, диссертациялық зерттеулер, патенттік материалдар және нормативтік-техникалық деректер талданды. Нәтижелер коллагенге бай сирақ, сіңір, шеміршек тіні және дәнекер тін фракциялары ақуыз гидролизаттарын алуға қолайлы шикізат екенін көрсетті. Ферменттік гидролиз кезінде жоғары молекулалы, нашар еритін құрылымдық ақуыздар әртүрлі молекулалық массадағы пептидтік фракцияларға ыдырайды. Бұл фракциялар пісірілген шұжықтың эмульсиялық-құрылымдық жүйесінде су байланыстыру, ылғал ұстау, май фазасын тұрақтандыру, ақуыз торының қалыптасуы және құрылымдық-механикалық қасиеттерді реттеу үдерістеріне қатыса алады. Сонымен қатар гидролизаттардың әсері олардың пептидтік профиліне, гидролиз тереңдігіне, енгізу мөлшеріне және ет матрицасының технологиялық жағдайына байланысты өзгереді. Төмен құнды субөнімдерден ақуыз гидролизаттарын алу ресурс үнемдеуге, ет өнімдерінің сапасын тұрақтандыруға және функционалдық ингредиенттер өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін перспективалы бағыт ретінде бағаланады.